16
январь
2024
Консультациялық пункт
2024 жылдың қаңтар айының 16 жұлдызында консультациялық пункт және педагог-психологтың жұмысына сәйкес кіші топ ата-аналары және мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен "Егер сіздің балаңыз өтірік айтатын болса" тақырыбында психолог, логопед мамандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында түрлі тренингтар, жаттығулар, ситуациялық сұрақтар беріліп балалардың тәрбиесінде ата-ананың ролі үлкен қызмет атқаратындығы туралы сөз етті. Психолог Айнұр Тоханқызының тарапынан кеңестер берілді.