Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтердің мақсаттары



Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
№18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидалары, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері.
Орындаған: С.Б.Кошимбетова
Тараз қаласы 2025ж.
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметтің негізгі мақсаты тиісті квазимемлекеттік сектор ұйымының және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметтің мақсаттары:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптармен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын Заңға сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;
3) Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүйесін тиімді іске-асыру болып табылады.
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс –қызметтер мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс тиімділігіне мүдделігі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметтің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
3) сыбайлас жемқорлыққақарсы комплеанс – қызметінің тәуелділігі;
4) сыбайлас жемқорлыққа комплеанс – қызметінің ақпараттық ашықтығы;
5) сыбайлас жемқорлыққа комплеансті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа комплеансті жетілдіру болып табылады.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс- қызметтердің функциялары:
1) Квазимемлекттік сектор субьектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясатын әзірлейді;
2) ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субьектісінің жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;
3) квазимемлекттік сектор субьектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
4) корпаративтік әдеп құндылықтарын насихаттайды;
5) квазимемлекеттік сектор субьектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ, корпаративтік әдеп, кодексін (болған кезде) сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
6) квазимемлекеттік сектор субьектісінің жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;
7) құрылымдық бөлімшелердің ұйымның және жұмыскерлердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламасын орындауына мониторингті әзірлейді және жүргізеді;
8) «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес азаматтық және бизнес қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінсыртқы талдауға қатысады;
10) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық тәукелдерін басқаруды жүзеге асырады;
11) мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысұа орналастыру мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды
12) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыйлықтар мен өкілдік шығыстар мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
13) қаржылық мәмілелер кезінде контрагенттерді тексеруді жүзеге асырады
14) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде, қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;
15) мемлекеттік функцияларды орындауға уәлілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді Заңға сәйкес сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізеді;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
17) құрылымдық бөлімшелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелер мен квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің тиісті ақпаратын тыңдайды;
19) квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәукелдерін жою, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізеді;
20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
21) жыл сайын квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесі, қадағалау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшысы алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құқықтары:
1) ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген, бекітілген рәсімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпарат пен метериалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыретіне жататын мәселелерді квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесінің, қадағалау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына шығаруға бастамашылық жасау;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық ұарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасау;
4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшыларынан және басқа да жұмыскерлерінен қызметтік тергеп-тексерулер шеңберінде жазбаша түсініктемелер беруді талап ету;
5) Қазақстан республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру бойынша ұнысыныстар әзірлеу және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қарауына ұсыну;
6) өз құзіреті шегінде ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыста консультациялық көмек көрсету;
8) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарламалар келіп түсуі мүмкін ақпарат беру арналарын құру не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттемелері:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайды;
2) сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге де ішкі саясаттар мен рәсімдерді бұзудың болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуына немесе ықтимал мұмкіндігінше байланысты кез келген жағдайлар туралы директорлар кеңесін, қадағалау кеңесін (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органын уақытылы хабардар етеді;
4) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті дәлелдемелермен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға береді;
5)квазимемлекеттік сектор субъектісінің белгіленген жұмыс режимінде кедергі келтірмейді;
6) қызметтік және кәсіби әдеп талаптарын сақтайды.
17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.