Консультациялық пункт жұмысы. Ата-аналармен жұмыс
2024 жылдың ақпан айының 6 жұлдызында "Мектеп жасына дейінгі музыка" тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында ата-аналарға мастер класс көрсетілді. Шебер сыныптың мақсаты: Ертегі желісі арқылы ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге машықтандыру. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді аспаптарда ойнап, есту қабілетіне сүйене отырып ән салу, ырғақтық суреттерде ойнау, коммуникативтік дағдыларын дамыту.