28 сәуір 2023 жылы Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті » №18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-67-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-63-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 28 сәуір 2023 жылы Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
28
апрель
2023

28 сәуір 2023 жылы Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 сәуір күні Тараз қаласы, №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Этнопедагогикалық жобалар арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Басқарма басшысы Мейірхан Азатұлының қатысуымен өткен іс-шара барысында «Асыл мұра» оқу-әдістемелік құралының тұсау кесер рәсімі өтті. Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессорлары У.Қ.Қыяқбаева, Г.З.Таубаева, А.Е.Манкеш, А.К.Айтпаева, У.Б.Төлешова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Р.Қ.Керімбаева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобасын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тәжірибесі таратылып, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-нің профессор-оқытушыларымен Алматы, Тараз қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен әріптестік орнатылды.
Іс-шараға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 30 адам қатысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив