Ата-аналарға » №18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-67-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-63-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
июнь
2023

Ата-аналарға

📢 ❗️❗️❗️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті соңғы уақытта БАҚ пен ата-аналардан мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптардағы балалардың жасына, сондай-ақ тәрбиеленушілерді оқу жылының ортасында балабақшалар мен шағын орталықтардан, оның ішінде жекеменшік балабақшалардан шығару мәселесіне қатысты өтініштердің жиілеуіне байланысты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшыларының, мамандарының назарына келесі ақпаратты жеткізеді.🔰Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптардағы балалардың жасы, балаларды шығару және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.
🔰Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарындағы балалардың жасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) орналастыру тәртібі нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен реттеледі.
🔰«Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда балалар 1 жастан бастап 1 сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленеді. 1-сыныпқа балалар алты жастан бастап қабылданады (Заңның 31-бабы).
🔰Мектепке дейінгі ұйымдар жыл бойы жұмыс істейді - тәрбиелеу-білім беру процесі оқу жылында (1 қыркүйектен 31 мамырға дейін) жүзеге асырылады және жазғы-сауықтыру кезеңінде сауықтыру, шынықтыру шаралары (1 маусымнан 31 тамызға дейін) жүргізіледі. 
🔰Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 12-т. талаптарына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 ж. № 385 бұйрығы) «мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиеленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді».
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив