"Действия Республики Казахстан по получению и даче взятки противоречат закону"


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
№18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазынылық кәсіпорны
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРА АЛУ ЖӘНЕ БЕРУ
ӘРЕКЕТТЕРІ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ»
Орындаған:Г.Н.Крымбаева
Тараз қаласы 2025ж.
Қазақстан Республикасында пара алу және беру әрекеттері заңға қайшы
5. Қазақстан Республикасында пара алужәне беру әрекеттері заңға қайшы және бұл жагдайларда Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданылады.
Егер ақша, өзгемүлік, материалдық қызмет көрсету түріндегі мүліктік пайда лауазымды адамның келісімімен оның туыстары мен жакындарына берілсе немесе егер ол бұған қарсылық білдірмесе және өзінің қызметтік өкілеттігін пара берушінің пайдасына пайдаланса, лауазымды адамның іс-әрекетін пара алу деп саралау керек.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес ақшамен, бағалы қағаздармен және өзге де мүлікпен қатар, өтеусіз көрсетілетін, бірақ төлеуге жататын мүліктік сипаттағы пайда (туристік жолдамалар беру, пәтер жөндеу, саяжай салу жәнет.б.) пара алу және коммерциялық сатып алу нысанасы болуы мүмкін.
Мүліктік сипаттағы пайда деп, атап айтканда, берілетін мүліктің, жекешелендірілетін объектілердің құнының төмендетілуі, жалдау төлемдерінің, банк несиелерін пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің азайтылуы түсіндіріледі.
6. Пара алужәне пара беру, бір қылмыстық модельдің екі карама-карсы жағы, егер пара туралы айтатын болсақ, бұл пара алатын адамның (пара алушы) және оны беретін адамның (пара беруші) бар екенін білдіреді.
7. Пара алу- ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алу мен бірге жүретін болса, ол лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін артыкшылық таралу мен пайда көруден тұрады.
8. Пара беру- лауазымды адамды заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға көндіруге немесе берушінің пайдасына, оның ішінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін қандай да бір артықшылықтар беруге, алуға бағытталған қылмыс.
9. Пара нысандары келесідей болуы мүмкін:
- заттар, акша, оның ішінде: валюта, банк чектері және бағалы қағаздар, асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, тамақ өнімдері, бейне техника, тұрмыстық құралдар және баска да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, кала сыртындағы үйлер, гараждар, жер учаскелері және баска да жылжымайтын мүлік;
- пайда көздеу: емдеу, жөндеу және кұрылыс жұмыстары, санаторийге және туристік жолдамалар, шетелдік сапарлар, ойын-сауық және баска да шығындарды акысыз алу немесе төмендетілген бағамен төлеу;
- параның бүркемеленген түрі іс жүзінде жоқ борышты өтеу түріндегі банктік қарыз, төмендетілген бағамен сатып алынған тауарларды төлеу, тауарларды жогары бағамен сатып алу, парақорға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеу үшін жалған еңбек шарттарын жасасу, жеңілдікпен несие алу, дәрістер, макалалар мен кітаптар ушін қалам ақыны негізсіз көтеру, казинодағы "кездейсок" ұтыс, борышты кешіру, жалдау ақысын азайту, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайту және т. б.
10. Мүдделер, қақтығысын болғызбау немесе реттеу туралы шектеулерді, тыйым салуларды және талаптарды , сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыктар жасауға көндіру мақсатындағы өтініштер туралы жұмыс берушінің өкілін хабардар ету міндетін, сыбайлас жемкорлыкка қарсы іс қимыл мақсатында белгіленген өзге де міндеттерді сактау маңызды.
Айта кететін жайт, кейбір сөздерді, екіұшты ойлар мен ым-ишаратты айналадағылар пара беру туралы өтініш (тұспал) ретінде кабылдауы мүмкін.
Мұндай екіұшты ойларга, мысалы, мыналар жатады:
- "Мәселені шешу киын, бірақ шешуге болады";
- "Құрғақ қасық ауыз жыртады";
- "Келісіп корейік";
- "Салмақтырақ дәлелдер қажет";
- "Істің мән-жайын талқылау керек";
- "Ал енді не істейміз?" және т.б.
Ұйымдардың өкілдерімен және азаматтармен, әсіресе олардың пайдасына лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне байланысты белгілі бір тақырыптарды талқылау пара беру туралы өтініш ретінде де қабылдануы мүмкін.
Мұндай такырыптарға мысал келтірсек:
- жалақының төмен денгейі және қандай да бір мұқтаждарды өтеуге ақша каражатының жетіспеуі;
- кандай да бір мүлікті сатып алуга, қандай да бір қызметті алуға, туристік
- сапарга баруға ниет білдіру;
- лауазымды адамның туыстарында жұмыстың болмауы;
- лауазымды адамның балаларының білім беру мекемелеріне түсу қажеттілігі және т.б. Лауазымды адамнан түсетін белгілі бір ұсыныстар, әсіресе егер олар ұйымдардың өкілдеріне және пайдасы олардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты азаматтарга багытталган болса, пара беру туралы өтініш ретінде кабылдануы мүмкін. Бұл мұндай ұсыныстар жақсы ниеттен туындаған жэне шенеуніктің жеке пайдасына қатысы болмаган жағдайда орын алуы ықтимал.
Мұндай ұсыныстарға , мысалы, келесілер жатады:
- лауазымды тұлғаға және (немесе) оның туыстарына жеңілдік беру; анықталған
- бұзушылықтарды жою, мемлекеттік келісімшарт шеңберінде жұмыстарды орындау, қажетті құжаттарды дайындау үшін нақты компанияның және (немесе) сарапшылардың қызметтерін пайдалану;
- нақты қайырымдылық қорына ақша салу;
- нақты спорт командасына қолдау көрсету және т.б.
11. Сыбайлас жемқорлық параға сатып алудың ықтимал жағдайлары, сондай-ақ мінез-құлық қағидалары бойынша ұсынымдар.
Арандату:
Қызмет алу үшін жүгінген азаматтар, бөлімше қызметін тексеруді жүзеге
асыратын лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал арандатуларды болдырмау үшін:
- келушілер орналаскан қызметтік үй-жайларды және жеке заттарды (киім, портфель, сөмке және т. б.) караусыз қалдырмаңыз);
- келуші кеткеннен кейін жұмыс орнынан немесе жеке заттар ішінен қандай да бір бөгде заттар табылған жағдайда, өз бетіңізбен ешқандай іс-қимыл жасамай, дереу басшылыққа мәлімдеңіз.