04
май
2023
Тараз қаласы 18 "Еркежан" бөбекжай- бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған қалалық ғылыми- тәжірибелік семинар өтті.
Тараз қаласы 18 "Еркежан" бөбекжай- бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған қалалық ғылыми- тәжірибелік семинар өтті.Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Г.Е.Естаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М.Қ.Жинақбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Р.К.Керімбаева қатысты.
Семинардың мақсаты - «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобаның озық іс-тәжірибесін насихаттау және таныстыру.
Семинар барысында «Ұлттық дамыту ойындары» авторлық ойыншықтары мен «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобасын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тәжірибесі және оқу-әдістемелік құралы таныстырылды.
Оқу іс-әрекеті процесінде ұлттық тәрбие беруде бөбекжай- бақшамыздың педагогтері өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға қаламыздың мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 45 адам қатысты.