1 маусым - "Балаларды қорғау күні!" » №18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№18 "Еркежан" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-67-03
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-63-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 маусым - "Балаларды қорғау күні!"
01
июнь
2023

1 маусым - "Балаларды қорғау күні!"

Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив