19
май
2023
Құрметті ата-аналар! Сіздерді 2023 жылдың 19 мамырында бақшамызда өтетін "Ашық есік" күніне шақырамыз!
🔹Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы байланысты жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту-қажеттілік. Бала мүддесін қорғауда ата-анаға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру, сенімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында мамыр айының 19 жұлдызында №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында ата-аналар үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
🔹Ата-аналар бағдарламаға сәйкес күн тәртібін бақылады: алдымен балалармен бірге таңғы жаттығуды жасап, топтағы таңғы проце
сті бақылады: балалардың тамақтануы мен ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне қатысты. Асхана, кір жуу бөлмесі және медициналық кабинет жұмыстары таныстырылды. «Ұлттық ойыншықтар» көрмесі ұйымдастырылды. Күннің екінші жартысында ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарында түрлі мүсіндер бояу, құрт жаю, жент жасау, текемет басудың техникасын үйрену және кітаптар бұрышында әжемнің ертегілерін тыңдау сынды әр түрлі әрекеттерді көріп, танысты.🔹Музыка залында балалардың ән-биін тамашалады. Ата-аналарға түрлі логопедиялық жаттығулар, психологиялық тренингтер жүргізілді.
🔹 Ашық есік күніне келген ата-аналар оқу-тәрбие үрдісіне белсене қатысып, балалардың жұмыстарын көріп, педагогикалық ұжымның жұмысына оң бағасын беріп, өз пікірлерімен бөлісті.



🔹 Ашық есік күніне келген ата-аналар оқу-тәрбие үрдісіне белсене қатысып, балалардың жұмыстарын көріп, педагогикалық ұжымның жұмысына оң бағасын беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
